Саясат • 03 Қараша, 2023

Халықаралық газ форумына қатысты

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған еліміздің бір топ делегациясы ХІІ Санкт-Петербург халықаралық газ форумының жұмысына қатысты.

Халықаралық газ форумына қатысты

Форум аясында «Газпром» ЖАҚ-пен стратегиялық ын­тымақ­тас­­тық туралы келісімге қол қо­йыл­­ды, ол табиғи газды тасы­мал­дау, қайта өңдеу, гео­ло­гия­лық бар­­лау және басқа да іс-шаралар мә­се­лелері бо­йынша бірлескен іс-қи­­мыл­дардың кең спектрін көздейді.

Сонымен қатар «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алек­сей Миллермен кездесу өт­ті. Кездесу барысында арадағы ын­ты­мақ­тастықтың оң дина­микасы атап өтіліп, тараптардың одан әрі өзара тиімді әріптестікке әзірлігі айтылды.