Аймақтар • 02 Қараша, 2023

Абай облысы: Алаңдауға негіз жоқ

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы бойынша 33 АГҚС (автогаз құю стансалары), 22 (ГЖП) газ жинақтау пункті бар.

Абай облысы: Алаңдауға негіз жоқ

Облыста сұйытылған газға байланысты ахуал – қалыпты. Қор жеткілікті көлемде. Қазіргі уақытта Семей қаласы бойынша АГҚС бағасы – литріне 76 теңге. Абай облы­сының шалғай аудандарында 76-80 теңгеден. Семей қаласында газ баллондарының бағасы 176-180 теңге, облыс аудандарында – 180-210 теңге. Абай облысы бойынша халыққа сұйы­тылған мұнай газын сатуды жүзеге асыратын 19 газ желісі ұйымы жұмыс істейді.