![Қазақ – қашанда қазақ!](/media/2023/11/05/snimok-ekrana-2023-11-05-221433.webp)
Құтым ең, Зеңгі баба - сиыр малы,
Сүтінен несібесі бұйырғаны.
Қаймағы, кілегейі...
Батырларым
Ас қылып алты малта шиырлады.
Сиырды сауа білген келін керім,
Бұлғауға сары майды ерінбедің.
Қатық пен құрт-ірімшік, айранын-ай,
Бастауы берекенің – елім менің!
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ