Кездесу барысында елордалық ұжым алғашқы минуттан белсенді қимылымен көзге түсті. «Ақ барыс» қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде, небәрі 1-минутта «Барыс» хоккейшісі Понтус Оберг есепті ашты. Ал оның командалас әріптестері Джозеф Лабейт 6-минутта есепті үстемелей түссе, Давид Скленичка 14-минутта мергендік танытты.
Алайда ақбарыстықтар үміттерін үзбей, керісінше қалған уақытта өте белсенді ойнады. Бірінші кезеңнің соңына таман ресейлік клуб есеп айырмасын қысқартты. Бұл голды 16-минутта Дмитрий Яшкин өзінің еншісіне жазды. Одан кейін Дмитрий Юдин – 25, 42, Дмитрий Яшкин – 40, Дмитрий Кателевский 54-минутта шайба соғып кетті. Осылайша, «Барыс» қолда тұрған жеңістен айырылып, қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді. Енді «Барыс» 7 қарашада елордада «Ак Барс» командасына қарсы тағы бір ойын өткізеді.
Еске салсақ, 2 қарашада «Барыс» «Автомобилист» командасынан буллиттен 3:2 есебімен басым түскен болатын.
«Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді.
Астанада жолаушылар автобусы өртенді
Елорда • Кеше
Атыраулық студенттер экоакцияға үлестерін қосты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алтынның бағасы қымбаттады
Экономика • Кеше