Қоғам • 06 Қараша, 2023

Әкімдерді сайлау: 42 аудан мен 3 қалаға жаңа әкім сайланды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 қараша күні өткен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қорытындысы шықты, деп хабарлайды  Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сілтеме жасап.

Әкімдерді сайлау: 42 аудан мен 3 қалаға жаңа әкім сайланды

Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті.  Еліміздегі 17 облыстың мәслихаттары әкімдерді сайлау үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті. 5 қараша күні өткен әкімдерді сайлауға 1553 сайлау комиссиялары: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

Балама негізде өткізілген сайлау бюллетеніне 125 кандидат енгізілген. Дауыс беруге сайлаушылардың 62,79 %-ы қатысқан. Сайланған әкімдердің орташа жасы  – 46,7 жас. Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Сайлау күні 8500-ге жуық азамат, олардың ішінде  кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері бақылаушы болды. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік басшылықты, сондай-ақ олардың қызметінің сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырды», делінген ақпаратта.   

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25