Қоғам • 06 Қараша, 2023

Moody's Investors Service Отбасы банк рейтингінің болжамын «оң» деңгейіне дейін көтерді

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігі 2023 жылдың 1 қарашасында Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) рейтінгінің болжамын «тұрақтыдан» «оңға» өзгертті.

Moody's Investors Service Отбасы банк рейтингінің болжамын «оң» деңгейіне дейін көтерді

Фото: ашық дереккөз

Сондай-ақ Moody’s Investors Service ұзақ және қысқа мерзімді контрагенттік тәуекел рейтингтерін Baa2/P-2 деңгейінде, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтер Baa2/P-2 деңгейінде, контрагенттердің тәуекелдерін бағалау Baa2/P-2 деңгейінде растады. Отбасы банкінің кредиттік қабілеттілігінің негізгі (BCA) және түзетілген BCA бағалауы ba2 деңгейінде сақталды.

Moody's агенттігінің мәліметтері банктің жұмыс тұрақтылығын көрсетіп отыр.

Елдегі барлық ипотекалық портфельдегі банктің үлесі 56% (2023 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша).

Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың саны 2,7 млн адамды немесе бағалау көрсеткіштері бойынша экономикалық белсенді халықтың 28 пайызына тең.

Биылдың өзінде 377 070 қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің жаңа қатысушысы атанды.

2023 жылы 52 672 банк клиенті тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін несие алды. Отбасы банкінен берілген заемдардың орташа сомасы 17,3 млн теңгеге тең.

Отбасы банкінің несие портфелі 2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 3 147 157 млн теңгені, ал депозиттік портфелі 2 237 066 млн теңгені құрады.

Отбасы банкінің NPL көрсеткіштері екінші деңгейлі банктер арасында ең төменгі деңгейлердің біріне ие. Қазіргі уақытта несие портфеліндегі мерзімі 90 күннен асатын берешегі бар заемдардың көлемі 0,08% тең, бұл көрсеткіш бойынша нарықтағы орташа деңгей 3,27% құрайды.