
Фото: POLICE_of_KZ
Оқыс оқиға Ақсуат ауданында болды. Жергілікті тұрғынның қысқы мал азығына деп жиған 82 тонна шөпті мектеп жасындағы екі бала ойнап отырып өртеп жіберген.
Жәбірленушіге келген шығын мөлшері – 4 миллион теңге. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ағат әрекеті үшін келген шығынды олардың заңды өкілдері өтейді.
ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, егер ата-анасының бақылауынан тыс қалған балалар от тұтатып, өрттен біреу жапа шексе, онда ата-аналар баласы үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.