Кино • 06 Қараша, 2023

Арнайы жасақ туралы фильм

323 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қылмысқа қарсы күресте алдыңғы шептен көрініп, бейбіт тұрғындардың ұйқысы тыныш болуы үшін қауіпсіздікті күзететін арнайы жасақтың қиын әрі жауапты қызметі тура­лы көркем дүние көгілдір экранда көп емес. Ұстараның жүзінде тұрғандай, өз өмірін қатерге тіге отырып, жанын шүберекке түйіп жүріп, шиеленіс түйінін шешетін сындарлы сәт арнайы жасақ сарбаздары қызметінің негізгі қыры екені баршаға аян.

Арнайы жасақ туралы фильм

Мемлекет қауіпсіздігі мен ел тұрғындарының өміріне қауіп төндіретін қылмыстарға қар­сы­ жедел әрекет ететін «Бүр­кіт» арнайы жасағы туралы жа­рыққа шыққан жа­ңа­ туын­ды – осы бос кеңістікті тол­ты­­руға бағытталған отандық кине­­матографиядағы үшінші фильм. Мәдениет және ақпарат министр­л­­ігінің тапсырысымен, Ұлт­тық­ киноны қолдау мемле­кет­тік орталығының қаржылан­ды­руы­мен түсірілген кинокартина болған оқиғалардың негізінде жан­кешті жасақтың қат-қабат, қауырт жұмысын боямасыз баян­дайды.

Ұлттық киноны қолдау мем­­­­ле­кет­тік орталығы бас­қар­­ма төрағасы Құрманбек Жұма­­ғалидың айтуынша, бүгін­гі көрерменнің талғамы биік, сұранысы жан-жақты. Сон­дық­тан, көрерменге әртүрлі жанр­дағы, осындай түрлі трюк­қа­ толы экшн фильмдерді де ұсынған жөн. Фильмде «Бүр­кіт» арнайы жасағының сарбаздары «күрең берет» кию құқы­ғы­на ие болу үшін сынға түседі.

«Елімізде 200-ге жуық «күрең берет» иегері бар екен. Күрең бе­рет кию мәртебесіне арнал­ған­ біліктілік сынағынан өту – жауын­гер­лік рухтың бел­гісі. Сондықтан, жаңа филь­мі­міз жастарды Отанға деген адалдық пен риясыз махаб­батқа тәрбиелейді деп сене­міз», деді Құрманбек Жұмағали.

Фильмнің режиссері – Данияр Ибрагимов, бұл кар­ти­на оның дебюттік жұ­мы­сы. Бұған дейін Данияр «Қаз­бат» және «Алтыншы бекет» әскери фильм­дерінің про­дю­сері болып, тың тақырыпта елеулі тәжірибе жинақтаған.

Фильмге Дәурен Сер­ға­зин, Санжар Мәди, Асылхан Төле­­пов, Гүлнәз Жоланова, Әсел Сағатова, Жандос Айба­сов және Азамат Саты­бал­ды сынды еліміздің таны­мал­ актерлері түсті. Соны­мен бірге қазақ музыкасы­на­ жаңа стиль сыйлаған бел­гілі­ эстрада әншісі Ғалым­жан Молданазардың да анта­го­нист кейіпкердің рөлін­де кө­рінуі фильм шынайы­лы­ғын­ арттыра түскен. Бас­ты рөлдегі актерлер түсі­рі­лім жұмыстарына кіріспес бұ­рын­ бірнеше апта бойы жа­уын­гер­лік оқу-жат­ты­ғу­ла­ры­на қаты­сып, әскери әре­кеттің әдіс-тәсіл­­­де­рін үйрен­ген.

«­Фильмге түсу үшін біз ар­найы нормативтерді тап­сыр­­­дық. Шынайы сарбаздар­дан айырмашылығымыз болма­уы­ үшін олардың күн­де­лікті ты­ныс-тір­шілігімен жете таныс­тық. Түсірілім аяқ­тал­ғанша­ 30 килодан ауыр фор­маны киіп жүрдік. Бір эпи­зод­тың түсі­рі­лімі кезінде ар­қам­ды оңбай жарақаттап алдым. Бір апта бойы ем алуыма тура келді. Каскадер жасайтын барлық трюкті өзім орын­дау­ға ты­рыс­­тым», дейді бас кейіп­кер­лер­дің бірі Санжар Мәди.

«Burkit» фильмінің түсі­рі­лі­мі­не арнайы жасақ, әске­ри техни­ка­ және авиация, сондай-ақ екі жүз­ден астам бел­сенді әске­ри қыз­­мет­ші қатысқан. Жедел-іздес­тіру шара­­ларына арқау болған кар­­ти­­наның түсі­рі­лімі Алма­ты об­лы­сы­ның кө­рік­ті­ жерлерінде, Қонаев қа­ла­­­­сында, Есік көлінің тау сілем­­де­рін­де және Іле өзенінің бо­йын­­да өткен.

«Burkit» экшн фильмі 2 қа­­ра­­­ша­дан бастап барлық кино­­­театр­­да қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

 

АЛМАТЫ