Алайда күні кеше оның жарақат алғаны белгілі болды. Содан WBC басшылары Файгенбутцті алмастыратын былғары қолғап шеберін іздестіруге кірісті. Бұл мәселе дереу өз шешімін тапты. Енді Мейірім Чилидің өкілі Хулио Аламоспен айқасады. Ол – өте мықты қарсылас. 32 жастағы Сантьягоның тумасы кәсіпқой рингте алты жылдан аса жұдырықтасып жүр. Алғашқы 16 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған Хулио тоғыз бәсекелесін айқын басымдықпен ұтты. Соңғы рет биыл жазда италиялық Этинос Олихамен кездесіп, оған ұпай санымен есе жіберді. Сөйтіп, чилилік спортшы IBO нұсқасы бойынша алтын белбеуді иелену мүмкіндігінен айырылды.
Ал Өзбекстанның астанасында ұйымдастырылатын кеште жеңіске жеткен боксшы WBC нұсқасының чемпиондық тәжіне таласу құқығына ие болады. Ал бұл атақ әзірге АҚШ өкілі Джермалл Чарлоға тиесілі.
Орта салмақтағы қазақтың танымал кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов 17 қарашада Ташкентте өтетін жарыста германиялық Винсент Файгенбутцпен күш сынасуға тиіс еді.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше