Кейінгі келіп түскен мәліметтерге қарағанда, елімізде пәтерді жалға беру құны 8 қалада арзандаған көрінеді. Сарапшылардың сөзінше, бағаның бұл жолғы құлдырауы қоңыр күздің басында байқалыпты. Ал пәтер жалдаушыларды «күйдірген» ыстық баға нағыз аптапты шілде-тамыз айларында сезілген екен. Дегенмен Павлодар, Орал, Өскемен қалаларында керісінше үй жалдау құны айтарлықтай көтеріліп тұр. Еліміздегі баспана жалдау құны ең қымбат қала рейтингінен – Алматыны ешкім басып оза алар емес. Онда орташа алғанда әр шаршы метр 6 мың теңгеден есептеледі. Ал ең арзан баға Ақтауда тіркелген. Шаршы метріне – 2 632 теңге.
Міне, осылайша, адам түгілі агенттіктің өзі де араласа алмай отырған пәтер жалдау құнын нарық сұранысқа қарай реттеп жатыр. Бір қызығы, нарық реттеген безбеннің екі бетінде де халық тұр. Бірі қалай да арзан үй тапсам дейді, ал екіншісі бағаны қалай көтерудің амалын таппай дал.