Футбол • 07 Қараша, 2023

Неймар көш бастап тұр

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның әйгілі «Transfermarkt» интернет-порталы өздерінің спорттық мансабында трансферлік тұрғыдан ең көп олжаға кенелген футболшылардың тізімін жасады.

Неймар көш бастап тұр

Үздіктер көшін Неймар бастап тұр. Өз мансабында үш командамен келісімшартқа отыру барысында бразилиялық форвардтың трансферлік құны 400 млн еуроны құрады. Бұл күндері ол Сауд Арабиясының «Әл-Хиляль» клубы сапында өнер көрсетіп жүр. Екінші орында – «Романың» шабуылшысы Ромелу Лукаку. Бельгияның беткеұстарының 8 клубтағы трансферлік бағасы 339 млн-ды құрады. Үшінші сатыға Криштиану Роналду жайғасты. Саудияның «Әл-Наср» командасының жейдесін киген португалиялық жұлдыздың құны – 247 млн еуро.

Сондай-ақ үздік ондықтың қатарында мына футболшылар бар: Усман Дембеле (ПСЖ, 220 млн, 3 трансфер), Альваро Мората («Атлетико» Мадрид, 189 млн, 6 трансфер), Филиппе Коутиньо («Әл-Духаиль», 180 млн, 5 трансфер), Антуан Гризманн («Атлетико» Мадрид, 180 млн, 4 трансфер), Килиан Мбаппе (ПСЖ, 180 млн, 1 трансфер), Анхель Ди Мария («Бенфика», 179 млн, 4 трансфер) және Златан Ибрагимович (169 млн, 7 трансфер).