Хоккей • 08 Қараша, 2023

«Ақ Барс» алға шықты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті кездесуін Астанада Қазанның «Ақ Барсымен» өткізді.

«Ақ Барс» алға шықты

Әр бәсеке сайын өз жанкүйелерін жерге қаратып жүрген жерлестеріміз бұл жолы да сенім үдесінен шыға алмады. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді. Қаһарына мінген қазандықтар екі шайбаны қақпамызға тоғытты. 33-минутта Илья Сафронов пен 37-минутта Дмитрий Кагарлицкий нысананы дәл көздеді. Содан кейін де елордалық хоккейшілер жағдайды өзгерту үшін еш әрекет жасамады. 60-минутта Евгений Свечников бәсекенің соңғы нүктесін қойды. Есеп – 0:3.

Сөйтіп, «Барыс» соңғы алты ойынның бесеуінде жеңілістің кермек дәмін татты. Енді астаналықтар 10 қарашада Қытайдың «Куньлунь» клубын қабылдайды.