Былтыр сәуір айында Свентек алғаш рет WTA-ның үздіктер көшін бастаған еді. Содан кейін бір жарым жылдай уақыт бойы алдына жан салмай келді. Биыл қыркүйекте оны Соболенко орнынан ығыстырды. Бірақ Беларусь өкілі бұл тұғырда ұзақ тұрақтамады. Арада екі ай өткеннен соң, польшалық теннисші қайта әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Арина екінші орынға сырғып түсті. Одан кейінгі сатыларға Коко Гофф (АҚШ), Елена Рыбакина (Қазақстан), Джессика Пегула (АҚШ), Онс Жабер (Мысыр), Маркета Вондроушова мен Каролина Мухова (Чехия), Мария Саккари (Грекия) және Барбора Крейчикова (Чехия) жайғасты. Міне, әлемнің ең үздік 10 ойыншысының тізіміне осылар еніп отыр.
Қазақстанның өзге теннисшілері WTA тізімінде мынадай орындарды иеленді: Юлия Путинцева – 69-орын, Жібек Құламбаева – 515-орын, Гозаль Айнитдинова – 612-орын және Анна Данилина – 814-орын.