Фото: ашық дереккөз
«Қазақстандағы үш ЖЭО жобаларын жүзеге асыруға ресейлік тараптың қатысуы туралы бүгін тиісті құжатқа қол қойылады», деді Серік Жұманғарин.
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы да кеңейеді. Атап айтқанда, «Qazaq Air» әуе компаниясының Новосібір мен Челябіге ұшатын рейстерінің санын арттыру қарастырылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қостанайда екі ел Президенті Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты.
Форумға екі елден Үкімет мүшелері, Қазақстан мен Ресей облыстарының басшылары, ведомстволардың, ғылыми орталардың өкілдері, 200-ден астам кәсіпкер қатысты.