Президент • 09 Қараша, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірқатар құжатқа қол қойды

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерден кейін бірнеше құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірқатар құжатқа қол қойды

Фото: Ақорда

1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына он жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі;

2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары.

Сондай-ақ Ресей Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында келесі құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасында «Көкшетау», «Семей» және «Өскемен» жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары;

3. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметінің 2024-2025 жылдарға арналған өзара іс-қимылы бойынша іс-шаралардың бірлескен жоспары;

4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық еңбек және жұмыспен қамту қызметі арасындағы еңбек инспекциясы мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» мен «Информационное телеграфное агентство России» (ИТАР-ТАСС) Федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасындағы ақпараттық серіктестік туралы келісім.