Көрме • 09 Қараша, 2023

Берелден жеткен қазына

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі өнер музейінде «Берел қазыналары» атты көшпелі көрме өтті. Көрмеге қойылған жәдігерлер арасында сақ заманындағы алтын бұйымдар мен реставрацияланған ат әбзелдерінің сүйек әшекейлері бар.

Берелден жеткен қазына

Суреттерді түсірген – автор

Көшпелі көрме «Берел» қо­рық-музейінің 15 жылды­ғы қарса­ңында ұйымдастырылып отыр. Берел жазығындағы жүзден аса қор­ғандарды зерттеген археологтер мен антрополог ғалымдар экс­понаттардың біздің дәуірімізге де­йінгі V-IV ғасырларға тиесілі еке­нін анықтаған.

– Көрмені Өскеменге әкелуі­міздің мақсаты қала тұрғын­дарын Берелден табылған жәдігер­лермен таныстырғымыз келді. Көш­пелі көрмеміз жуықта «Ботай» мем­лекеттік тарихи-мәдени музей-қо­рығында болып қайтты. Ол жақ­тағы ел де қызыға тамашалады. Өйткені Берел – еліміздегі орга­никалық заттар сақталған жал­ғыз ескерткіш, – дейді «Берел» мем­ле­кеттік тарихи-мәдени қорық-музе­йі­нің дирек­торы Алмас Сарбасов.

ааа

Көрмеде реставрациядан өткен ат әбзелдерінің сүйек әшекейлері, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-І ға­сыр­ларға жататын №36 сақ қорғаны­нан алынған бұлан грифондары, сонымен қатар ІІ-І ғасырларға жата­тын ер адам мен әйелдің сыртқы кел­бетінің антропологиялық реконструк­циясы қойылған. Сондай-ақ зооморфты сапты қола айна, әшекей бұйым­дар көрме төріне орналасқан. Қала тұрғындары көшпелі көрмені 1 жел­тоқсанға дейін тамашалай алады.

 

Өскемен