Теннис • 09 Қараша, 2023

Бубликтен басқасы басым түсті

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Францияның Метц қа­ласында теннистен АТР 250 турнирі өтіп жатыр. Жүлде қоры 562 815 еуроны құраған жарыста Александр Бублик те өнер көрсетті.

Бубликтен басқасы басым түсті

Бірінші кезеңде бос болған еліміздің бірін­ші және әлемнің 32-ракеткасы екінші айналымда АТР рейтингінде 147-сатыға жайғас­қан италиялық Фабио Фоньинимен күш сынас­ты. Өкінішке қарай, 26 жастағы Бубликтің 36 жастағы ардагер ойыншыға әлі жетпеді. Үш сағаттай уақытқа созылған аса шиеленісті ойын 4:6, 7:6, 7:6 есебімен Фоньинидің пайдасына шешілді. Апеннин түбегінің өкілі енді өзінің отандасы Лоренцо Сонегомен сайысқа түседі.

Есесіне түрлі турнирде бақ сынап жатқан өзге теннисшілеріміз тұсаукесер кездесулерінде жеңіске жетті. Атап айтсақ, Хельсинкиде Денис Евсеев финляндиялық Отто Виртаненді 7:5, 6:3 есебімен еңсерді. Ноксвилде Бейбіт Жұқаев франциялық Титуан Дрогеден айласын асырды – 6:4, 6:1. Софияда эквадорлық Гонсало Эскобармен жұптасып ойнаған Александр Недовесов аустриялық Александр Эрлер мен Лукас Мидлерден басым түсті – 7:5, 6:2. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50