Пікір • 09 Қараша, 2023

Табысты байланыс нәтижесі

117 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресей Президентінің Қазақстанға сапары мемлекеттеріміз арасындағы 2013 жылы қол қойылған ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарттың он жылдығы аясында өтіп отыр. Бұл шарттың атауының өзі елдеріміздің табысты қарым-қатынасын аңғартады.

Табысты байланыс нәтижесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ынтымақтастығымыздың тарихы бай, болашағы жарқын. Мұ­ның бәрі – 30 жыл бойы Ресей­мен достық, тату көршілік, сындарлы диалог құрып келе жат­қаны­мыздың нәтижесі.

Мартин Лютер Кинг «аға­йын ретінде бірге өмір сүруді үйренуіміз керек, әйтпесе, ақы­мақ сияқты бірге өлеміз», дейді. Меніңше, екіжақты қарым-қаты­насы­мыздың мәні осында жатса керек. Біз бауырлас болып бірге өмір сүруіміз қажет. Бәлкім, шалғайдағы мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас орнату оңай шығар. Бірақ тату көршілік, сындарлы, бейбіт қарым-қатынас орнату әлдеқайда қиын.

Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде екі елдің ынтымақтастығы кеңейіп, зор табыстарға қол жеткізді. Оның бәрін санамалап шығу­ға уақыт жетпес. Ең басты­сы, бұған қол жеткізгеніміз осы­ған дейінгі жұмыстың нәти­жесі. Біз, Парламент, тиімді ынты­мақ­тастықты дамытуға өз үлесіміз­ді қосып келеміз. Депутат­тар пала­та­аралық комиссияның аясында жиналып отырамыз. Осы палатааралық комиссия­ның отырыстарында, Мәжілісте және Мемлекеттік Думада, сонымен қатар Федерация кеңе­сінде және Сенатта достық топ­тары бар. Онда көптеген мәсе­лені ашық талқылаймыз. Әр­түрлі мәселені, соның ішінде күйіп тұрған түйткілдерді талқы­лаймыз. Мәселен, жақында Ресей тарапынан депутат Виктор Селиверстов, Қазақстан тарапынан депутат Павел Казанцев жетекшілік ететін «Ресеймен дос­тық» тобының оты­рысын өткіз­дік. Жиында Ре­сей­дегі қазақтар тұратын өңір­лер – Астрахан, Омбы қала­ларында қазақ мек­тебін ашуға уағдаластық.

 

Айгүл ҚҰСПАН,

Мәжіліс депутаты