Денсаулық • 10 Қараша, 2023

Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны 13 мыңға жетті

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қызылша жұқтырғандардың апта сайынғы өсімі 1300 адамнан асты. Көбінесе бұл қауіпті дертке жас балалар шалдығады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны 13 мыңға жетті

Бүгінде 13 мың адам қызылша ауруын жұқтырды, оның 11 мыңы балалар. Қауіпті дерттің нақты емі жоқ, бірақ оның алдын алудың жолы бар, ол - екпе.  Қазіргі таңда сегіз мың балаға екпе салынды.

«Әсерін сәл кейінірек көреміз. Иммунитеттің қалыптасуы үшін уақыт керек, вакцинаны алғаннан кейін адам көп жиналатын жерлерден бас тарту керек, өйткені иммунитеттің қалыптасуы үшін 2 апта қажет. Қызылшаның асқынуы өте қауіпті. Статистика бойынша 1000 жағдайдан бір бала қызылша энцефалитімен ауыруы мүмкін», деді Манар Смағұл.

Күні кеше Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда белсенді түрде таралып жатқан қауіпті аурудың алдын алу үшін ата-аналарды балаларына екпе алдыруға шақырды.