Аймақтар • 13 Қараша, 2023

Жаңа газ құбыры салынады

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңа газ құбыры салынбақ. Жоба туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтты.

Жаңа газ құбыры салынады

Әкімнің айтуынша, ауқымды жобаны іске асыру елді мекен­дерді де, оған қоса көп отын көле­мін қажет ететін ірі инвес­ти­циялық жобаларды да газдан­дыруға мүмкіндік береді. Айта кету керек, Қостанай облысында ауыл­дық елді мекендердің тек 28%-ы орталық газбен қамтама­сыз етілген. Сондықтан бұл жоба­ның өңір тұрғындары үшін маңызы зор.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтар айында Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде Ақтөбе облысынан Қостанайға де­йін магистралдық газ құбырын салу жөнінде тапсырма берген еді. Энергетика министрлігі «QazagGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, бірден техникалық-экономика­лық негіздеме әзірлеуге кірісті. Қазіргі уақытта жұмыс толық қарқынмен жүріп жатыр.

«Болат өнеркәсібіне арналған шикізат – ыстық крикетті темір өндіру жобасын іске асыру үшін газдың үлкен көлемі қажет болады. Сонымен қатар қажетті шикізат базасы мен білікті кадрлар бар, ендігі кезекте халықаралық сапа және экология стандарттарына сәйкес келетін түпкілікті өнім шығару, терең өңдеу өндірісін жолға қою қажет», деді Роман Скляр.

Премьер-министрдің орынбасары әкімдік алдағы уақытта да өңірді газдың қосымша көлемімен қамтамасыз ету мәселесін ескере отырып, инвестициялық жобаларды іске асыруды үйлестіру бойынша инвесторлармен жұмыс жүргізуі тиіс екенін айтты.

Облыс әкімдігі бұл жобаны іске асыру өңір үшін қуатты серпіліс екендігін атап өтті. Бұл жоба республиканың қол­да­ныстағы газ тасымалдау же­лісімен байланыстыруға мүм­кіндік береді және өңірдің таби­ғи газ бойынша қажеттілігін, оның ішінде бәсекеге қабілетті өн­дірісті дамыту үшін артып келе жатқан қажеттіліктерін қам­тамасыз етеді.