Қоғам • 13 Қараша, 2023

Қазақстан ажырасу жағынан әлемде нешінші орында тұр

608 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Wisevoter мәліметінше, Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде 114 елдің ішінде 16-орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан ажырасу жағынан әлемде нешінші орында тұр

Биыл жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде 53,8 мың жұп неке қиды, бұл былтырғыдан 2,2% аз. Қалаларда қиылған неке саны бір жылда 35,5 мыңға дейін 16,7% төмендесе, ауылдарда бірден 47,4%, 18,4 мыңға дейін өсті, деп жазды ranking.kz сайты. 

Алты айда ажырасу саны 8,2 мыңды құрады – былтырғыдан 9% аз. Қалаларда ажырасу бір жылда 14,8%, 6 мыңға дейін азайып, ауылдарда 12,6%, 2,1 мыңға дейін өсті.

Өңірлер бойынша ең көп неке қию Алматыда: 5,7 мың – былтырғыдан 19,7% аз.

Неке көп қиятындар үштігіне Түркістан облысы (5,5 мың неке, бір жылда 8,3% азайған) және Астана (4,7 мың неке, 6,2% азайған) кірді. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелген: 663.

Тіркелген ажырасулар саны бойынша да Алматы көш бастап тұр: 1,1 мың – бір жыл бұрынғыдан 10,4% азайған. Одан кейін Астана (734) мен Қарағанды ​​облысы (723). Ең аз ажырасу Ұлытау облысында: 102.

Елдегі некеге тұру көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 5,77-ден 5,46-ға дейін төмендеді. Некенің ең жоғары көрсеткіші елордада тіркелді: 1000 адамға шаққанда 6,9. Үздік үштікке Маңғыстау мен Алматы облыстары да кірді.

АХАТ мәліметінше, ажырасу туралы сот шешімдерін есепке алмағанда, бір жыл бұрынғы 0,94 көрсеткішпен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда 0,83. Өңірлер бойынша ажырасудың ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​және Павлодар облыстарында, ең төмені Түркістан облысында.

Wisevoter мәліметінше, Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде 114 елдің ішінде 16-орында. 2022 жылы ҚР-да, порталдың мәліметінше, ажырасу көрсеткіші 1000 адамға 2,5.

ТМД елдері арасында Ресей (3-орын, 1000 адамға шаққанда 3,9), Молдова (4-орын, 1000 адамға шаққанда 3,8), Беларусь (5-орын, 1000 адамға шаққанда 3,7) және Украина* (9 орын, 1000 адамға шаққанда 2,9) Қазақстанға қарағанда рейтингте жоғары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәресте саны 9,5% азайды

Қырғызстанда (1000 адамға шаққанда 1,8), Әзірбайжанда (1000 адамға шаққанда 1,7), Арменияда (1000 адамға шаққанда 1,1) және Өзбекстанда (1000 адамға шаққанда 1,1) ажырасу сирек.

Ең көп ажырасу Мальдив аралдары, Гуам және Ресейде, ең азы Вьетнам, Шри-Ланка және Перуде.