Сенат • 14 Қараша, 2023

Күн тәртібі нақтыланды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 16 қараша күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Күн тәртібі нақтыланды

Алдағы Палата отырысында сена­торлар «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кейбір заңнамалық акті­леріне ақпараттық қауіпсіз­дік, ақ­п­а­раттандыру және цифр­лық ак­т­ивт­ер мәселелері бойынша өзге­рістер мен толық­тырулар енгізу ту­ралы» заңды қарайды. Бұл заң тиіс­ті саладағы заңнаманы жетіл­діру­ге, сондай-ақ цифрлық май­нинг жө­ніндегі қызметті реттеуге арналған.

Заң нормаларына сәйкес Қазақ­­стан Республикасының заң­­дарын­да көзделген бірқатар құжат­­ты қос­пағанда, жеке басын куә­лан­­дыра­тын құжаттардың көшір­мелерін қа­ғаз жеткізгіште жинау­ға, өңдеуге ты­йым салу белгі­ленеді. Сонымен қатар Бюро отырысында Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.