Тарих • 13 Қараша, 2023

Алыпты алғаш танытқан

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Жамбылдың әдеби-мемориалды музейіне ұлы ақын туралы ең алғашқы жазбаша де­ректі («Терме» журналы, 1925 ж) хатқа түсіріп, оны баспасөз бетінде жариялаған белгілі ғалым Шамғали Сары­баевтың немересі Майра Са­рыбай келіп, 1958 жылы «Қа­зақ әдебиеті» газетінің №6 (163) санында жарық көр­ген «Жамбыл жайында тұңғыш дерек» атты мақаланың ксеро­кө­шірмесі мен 1936 жылы Мәс­кеу қаласында түсірілген та­рихи фо­тосуреттің (ақынның жанында Шара Жиен­­құ­лова мен Күләш Бай­се­йі­това) түпнұсқасын табыс­тап, музей қорын біршама байы­та түскендігі туралы аталған му­зейдің ғылыми қызметкері Рәт­бек Терлікбаев хабардар етті.

Алыпты алғаш танытқан

«Шамғали ұстаздың немересі Майра апай музейге сыйға тартқан мына тарихи суретте ұлы Жамбыл бабамыз қазақтың аса көрнекті өнер шеберлері – би патшайымы Шара Жиенқұлова мен бұлбұл үнді әншіміз Күләш Байсейітованың ортасында тұр. Рас, үшеуінің бұдан басқа ракурс­та түсірілген суреті бұрын да бас­па бетін көрген. Ал үш ардақтының мына тұрғыдағы бейнесі баспасөзге тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Майра апай музейге ұсынған «Жам­был жайында тұңғыш дерек» атты мақаланың авторы Шамғали Ха­ресұлы өз өмірінде барлық жағынан үлгілі ұстаз, ағарту ісінің шебер ұйым­дас­тырушысы болған. Ол жоғары оқу орын­дарында дәріс беріп, өзінің бо­йындағы әдіскерлік мүмкіндіктерін, мол тәжірибесін сарқа пайдаланған. Студенттердің педагогикалық тәжіри­бесін де өзі басқарып, шәкірттерін таң­даған мамандығының қыры мен сырын жете меңгеруге, оларға ұстаздық ұлағатын сіңіре білуге бар күшін салды. Ғалым-ағартушы қазақ тіл білімі мен оны оқыту әдістемесіне мол үлес қосты. Ол 200-ге тарта ғылыми-әдістемелік еңбектер, мақалалар жазды. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінен көлемді еңбек жазып, 1944 жылы кандидаттық диссертация қорғап, доцент атанған», дейді музей қызметкері Рәтбек Терлікбаев.

 

Алматы облысы