Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орында тұрса, Юлия Путинцева 69-сатыға тұрақтады. Жібек Құламбаева – 495, Гозаль Айнитдинова – 618 және Анна Данилина – 817-орынды еншілеп тұр. Жерлестеріміз рейтингтегі жағдайын жақсартқысы келсе, олар онда жыл соңына дейін өтетін түрлі турнирлерде барынша табысты өнер көрсетуге тиіс. Ал көшбасшыларға келер болсақ, алдыңғы лекте айтарлықтай өзгеріс жоқ. Алғашқы үштікте польшалық Ига Свентек, беларусьтік Арина Соболенко және америкалық Кори Гауфф. Одан кейінгі сатыларға Джессика Пегула (АҚШ), Онс Жабер (Мысыр), Маркета Вондроушова мен Каролина Мухова (Чехия), Мария Саккари (Грекия) және Барбора Крейчикова (Чехия) жайғасты.
Жұптық жарысқа қатысушылардың рейтингінде Қазақстанның теннисшілері арасында ең үздік көрсеткіш Анна Данилинаға тиесілі. Ол 56-орында тұр.