Спорт • 14 Қараша, 2023

Шавкат Рахмоновтың кезекті жекпе-жегі: Өтетін күні мен қарсыласы белгілі болды

920 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 желтоқсаннан 17 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетін UFC 296 турнирінде жекпе-жекке шығатын  UFC  шеберлері анықталды, деп жазады Egemen.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап. 

Шавкат Рахмоновтың кезекті жекпе-жегі: Өтетін күні мен қарсыласы белгілі болды

Фото: instagram.comshavkatrakhmonov94

Турнирдің басты жекпе-жегі жартылай орта салмақ дәрежесінің чемпионы (77 келіге дейін) британдық Леон Эдвардс пен америкалық Колби Ковингтон арасында өтеді. Келесі жекпе-жекте ең жеңіл салмақ дәрежесінде (57 келіге дейін) титул иегері бразилиялық Алешандре Пантожа америкалық Брэндон Ройвалмен кездеседі. Сондай-ақ отандасымыз Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығады.

Турнирдің негізгі карды:

Леон Эдвардс (Ұлыбритания) – Колби Ковингтон (АҚШ);

Алешандре Пантожа (Бразилия) - Брэндон Ройвал (АҚШ);

Шавкат Рахмонов (Қазақстан) – Стивен Томпсон (АҚШ);

Тони Фергюсон (АҚШ) – Пэдди Пимблетт (Ұлыбритания);

Висенте Луке (Бразилия) - Иэн Гэрри (Ирландия).