Футбол • 14 Қараша, 2023

Асхат пен Бахтиер қатыспайды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан «Еуро-2024» додасының іріктеу турнирі аясында Сан-Марино және Словениямен өтетін ойындарға Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зай­нутдинов қатыспайтын болды.

Асхат пен Бахтиер қатыспайды

Бұл ақпаратты Қазақстан ұлттық құра­масының бас бапкері Магомед Адиевтің өз аузынан естідік. Екеуінің де ауыр жарақаты бар. 22 қазанда Шымкентте өткен Премьер-лиганың 25-турында Қарағандының «Шах­теріне» қарсы кездесуде «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ауыр жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Ал өткен аптада Түркия чемпионатының 12-турында «Истанбұл Башакшехирдің» ойыншысы «Бешикташтың» сапында өнер көрсетіп жүрген Бахтиер Зайнутдиновті шынтақпен ұрып жіберді. Жерлесіміздің беті қанға боялып, 41-минутта бас бапкер оны өзге футболшымен алмастырады. Кейін белгілі болғандай, Бахтиердің мұрын сүйегі сынып, көзіне де қатты зақым келген екен. Соның салдарынан еліміздің қос мықты аяқдоп шебер­лері алдағы маңызды матчтарға қатыса алмайтын болды.