Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi
Министр боксшылардың физикалық хәне функционалдық дайындығын кем соққанын сынады. «Өзіміз де тамашаладық, боксшылар екінші раундтан кейін демігіп қалады. Федерация ұсыныс айтып шетелден маман да шақыртты, бірақ нәтиже мақтанарлық емес. Әйелдер боксында тіпті ізбасар боксшы, яғни ұлттық құрамада резерв жоқ. Бір боксшы барлық турнирге қатысып, күшін сарқиды», деді Е.Маржықпаев. Дзюдошыларымыздың да Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында мақтайтындай жетістікке жетпегенін айтты. Тіпті Тәжікстан, Қырғызстан балуандары 1, Өзбекстан дзюдошылары 3 алтын медаль олжалаған Ханчжоу төрінде біздің жігіттердің жігерсіздігіне қынжылды.
«Соңғы онжылдықта дзюдодан ұлттық құрама салыстырмалы түрде бір деңгейде өнер көрсетіп келді. Елдос Сметовтің жетістіктері федерацияны алға тартты. Бірақ қазір оның жасына сай күш-жігері аздап сарқыла бастағанда ұлттық құраманың шынайы деңгейі белгілі болды», деді министр.
Ендігі меже – сегіз айдан кейін түңлігі түрілетін Париж жазғы Олимпиадасы. Министр маңызды бәсекеге тыңғылықты даярлық жүргізу үшін кешенді жоспар түзуді міндеттеді.