Аймақтар • 16 Қараша, 2023

Бүгін – Дүниежүзілік қолөнер күні: Он саусағынан өнер тамғандар

360 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұраға теңестірген Дүниежүзілік қолөнер күні 16 қарашада атап өтіледі. Осы орайда, айтпағымыз Шығыс Қазақстан облысының ТЖД құтқарушыларының ішінде қызметтен бос уақытта қолөнермен белсенді айналысатындар бар, деп жазады Egemen.kz

Бүгін – Дүниежүзілік қолөнер күні: Он саусағынан өнер тамғандар

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шебердің бірі – Шемонаиха қаласының №28 өрт сөндіру бөлімінің диспетчері Наталья Лейс-Бычкова. Ол хоббиі – тоқыма тоқумен 8 жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді. Оның жұмыстарының ішінде ойыншықтар, киім-кешек, тұрмыстық заттар бар.

Тағы бір шебер – Төтенше жағдай жүйесінде 15 жыл қызмет еткен, Глубокое ауданына қарасты Алтайский кентінің №21 өрт сөндіру бөлімінің диспетчері Наталья Герасимова әдемі заттарды достарын, жақындарын қуанту үшін тоқиды екен.

Катонқарағай ауданы 27-ӨСБ бастығының орынбасары Елдар Ысқақов бос уақытын токарлық станок алдында өткізеді.

Азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Ысқақовтың айтуынша ағаш оюға деген сүйіспеншілікке оны оқушы кезінде еңбек мұғалімі баулып, содан кейін аталған хоббиді өз бетімен жалғастырып кеткен. Шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін ағаш өндеу қолөнері – бұл бірнеше сағаттық тәжірибе және мұқият жұмыс. Алғаш кесу тақтасынан, оқтаудан, шам қойғыштан бастаған ол қазіргі уақытта ұлттық ыдыс-аяқ жасайды: астау, тостаған және т.б. Оны өзі үшін және жақындары, достары, әріптестеріне тарту ету үшін жасайды екен.

Өскемен қаласының ТЖ басқармасының бас маманы Лаура Жанғазина түрлі-түсті маталарды қолдану арқылы ұлттық ою-өрнек салынған көрпе-жастық, бұйымдар тігеді, аталған қолөнер де ерекше шеберлік пен төзімділікті қажет ететіні мәлім.

Ата-бабадан қалған өнер мұрасының танымалдығы жыл сайын артып келеді.