Депутаттық топтың жетекшісі Серік Шайдаров Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында демографиялық және экономикалық үрдістерге, сондай-ақ ұлттық мүддеге бағдарланған иммиграция мен ішкі көші-қонға қатысты саясатты түбегейлі өзгертудің маңыздылығын атап өткенін еске салды.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында мемлекеттік шараларды іске асырумен қатар жергілікті деңгейде, әсіресе экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда ықпалды дамыту қажет. Мемлекеттік билік органдары бүгінгі таңда ішкі көші-қон бойынша жұмыс барысында өңір ішіндегі халықтың, оның ішінде этникалық топтардың тепе-теңдігінің бұзылуына тап болуда», деді сенатор С.Шайдаров.
Отырыс барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Олжас Ордабаев депутаттар алдында халықтың көші-қоны саласындағы ағымдағы ахуал туралы баяндама жасады. Ол 2022-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы туралы айтып берді. Онда жұмыс берушілердің сұранысы және басқа да бағыттар бойынша сұранысқа ие кәсіптер аясында қандастардың келуі мен қоныстануының жаңа нұсқасын енгізу көзделіп отыр.
Жиын барысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілі, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары әкімдіктерінің басшылығы түрлі тақырыптарды көтеріп, ұсыныстар айтты.
«Өңір» депутаттық тобы отырысының қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың атына жіберілетін ұсынымдар әзірленді.