Пікір • 16 Қараша, 2023

Шынайы қамқорлық

111 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент былтыр Жолдауда Ұлттық қорға түсетін жыл сайынғы инвестициялық табыстың 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды. Бұл қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылатынын, кейін жинақталған ақша балалар кәмелет жасқа толғанда баспана немесе білім алуына жұмсалатынын білдік. Енді, міне, Мемлекет басшысы арнаулы заңға қол қойып, бағдарлама мақұлданды.

Шынайы қамқорлық

Бағдарлама негізінде келер жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвес­ти­циялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жи­нақтау шотына аударылады. Президент жанындағы Әйел­дер істері және отбасы­лық-демографиялық сая­сат жөнін­дегі ұлттық комис­сия­ның мүше­сі­ ретінде біз де жаңалықты ес­тіп, қуанып қалдық. Бұл – кәмелет жасқа толып, оң-солын бағамдап, қанаты қатая бастаған жастарға үлкен қол­дау деп түсінеміз. Мұны бір­ауыз сөзбен балалардың бола­ша­ғына құйылатын инвес­тиция десек болады. Қаражат елдегі әр баланың әлеуметтік жағдайына қарамастан теңдей үлестерілетіні де қуантады. Елдің демографиялық өсіміне зер салсақ, 1991 жылдан беріге дейін туу көрсеткіші 15 пайыз­ға артқанын аңғарамыз. Мыса­лы, сол егемендік алған жылы 155 мың сәби дүниеге келсе, был­тыр осы көрсеткіш 403 мыңғ­а өскен. Бүгінге дейін қабыл­­данған кешенді шаралар, үйлесімді бағдарламалар елде­гі демографиялық ахуалға әсер еткенін көріп отырмыз. «Ұлт­тық қор – балаларға» жобасы соның заңды жалғасы деп тү­сіндік.

Біз бағдарламаның нақты нәтижелерін бірнеше жылдан кейін көре аламыз. Сол кезде халық өз бағасын бере жатар. Ал қазір бұл бағдарламаны қазақстандықтардың жастарға шынайы қамқорлығы, көме­гі­нің бір көрінісі деуге болады. Балалар келешекте осы қам­қор­лықты түсініп, көмекті тиімді пайдаланса, тиімділігін көреді деп үміттенеміз.

 

Элина МАСАГУТОВА,

«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры