Аймақтар • 16 Қараша, 2023

Ұлытауда туған Томирис

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлтымыздың қатпар-қатпар тарихы құ­шағына сыйдыр­ған Ұлытауда Қазақ елі­нің 20 миллионыншы азаматы дүние­ге келді. Сәби Сақ патшайымы Тұмар ханымның есімін ие­ленді.

Ұлытауда туған Томирис

«Бұл есімді атасы таңдады. «Егер келінім қыз дүниеге әкелсе, есімін Томирис қоямын. «Сақ пат­шайымы секілді ақылды, алғыр, батыр болып өссін» деп жүре­тін. Келіні «қыз босанды» деген­ді естігенде, «айтқаным келді» деп бір қуанған еді, «елдің 20 мил­лионыншы азаматы атанды» де­генде, «немеремнің өмірге келуі та­рихи оқиғаға айналатынын біл­гендей-ақ, Томирис есімін таңдаған екенмін» деп тағы қуанды», дейді сәбидің әкесі Сұңғат Сейтжан.

Томиристің атасы Ақылбек Әбді­­рахманов әлі 40-қа тола қойма­ған жігіт. Қазір «Қазақмыс» корпорация­сына қарасты №55 шахтада бұрғы­лаушы болып еңбек етеді. Ол зайыбы Гүлзат екеуі үш бала тәр­бие­леп өсіріп отыр. Үлкендері – Сұң­­ғат. Мархабаты – медколледж сту­­­денті, ал Асылжан 2-сыныпта оқиды.

Сұңғат пен Әйгерім былтыр ғана бас қосқан. Тұңғыштары жас ата-анасының есімдерін қазір­дің өзінде тарихқа ендіріп жатыр. Өйт­кені екеуі де биыл 20 жас­қа толды. Ұлытау еліміздің 20-өңірі саналады. Ал осы өңірдің То­мирисі – елі­міздің 20 миллионыншы азаматы.

«Негізгі жұмыс орным – «Асс-Серіктес» ЖШС, сол жер­де өрт сөндірушімін. Бірақ ай­лық шайлыққа жетпегендіктен, күзет компаниясында қосымша жұмыс істеймін», дейді жас әке.

Томиристің несібесі молынан екен. Сәби дүниеге келісімен, естіген елдің құттықтамағаны, көрімдік беріп, шашу шашпағаны жоқтың қасы. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының құттықтау хаты мен сый-сияпатын арқалап облыс пен Жезқазған қаласының басшылары арнайы келіп кетті. Құттықтаулар легі мұнымен толастамасы анық. Ең бас­тысы, Томирис ғұмырлы, бақытты болсын!

 

Жезқазған