Ауа райы • 17 Қараша, 2023

Елімізде ауа райы күрт суытады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ауа райы күрт суытады

Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 18 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада республиканың шығысында, 19-20 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады.

Толассыз жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

«Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3-13 градус аяз, күндіз 7 градус аяздан 5 градус жылыға дейін, солтүстікте, орталықта, Республикамыздың шығысында түнде 8-16 градус аяз, күндіз 2-10 градус жылы ауа райы күтіледі. Температура оңтүстік облыстарда да төмендейді. Бұл аймақта түнде 3 градустан 7 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста түнде 6 градус аяздан 6 градус жылыға дейін, күндіз 5 градус аяздан 13 градус жылыға дейін көтеріледі. Республика бойынша жел секундына 15-29 метрге дейін күшейіп, тұман түседі», делінген хабарламада.