Әлем • 17 Қараша, 2023

Үндістан консулдығы Diwali мерекесін атап өтті

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Үндістан консулдығында Diwali мерекесіне орай консул Swapnil Kothawade медиакоммуникация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістан консулдығы Diwali мерекесін атап өтті

Кездесу барысында консул Үндістанның Қазақстандағы елшісі доктор Dr. T.V. Nagendra Prasad-тың құттықтауын жеткізді.

Үндістандағы дәстүрлі Дивали мерекесі жер бетінде қайырымдылықты насихаттайды. Бұл күні әлемде зұлымдық жойылып, мейірім шуақтаған. Осы қуанышты күні барлық шаңырақта шырақ жағылып, өмірдің жарық сәттерінің көп болуына қатысты тілектер айтылады. Мереке дәстүріне сәйкес лаулап жанған от жер әлемдегі надандыққа қатысты ойды аулақ ұстап, жүректерге мейірім шуағын төгеді.

щ

Консул Swapnil Kothawade атап өткендей, Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық байланыстар бүгінде саяси-экономикалық, адами құндылықтарға негізделген мәдениет пен әдебиет, өнерге қатысты салаларда қарқынды дамып келеді.

«Үндістан мен Қазақстан арасындағы сауда, мәдени байланыстар тарихы 2 мың жылдан асады. Ал Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап екі ел осы ынтымақтастығын бекемдей түсті. Соңғы жылдары Қазақстанмен сауда стратегиялық байланыстар жақсы жолға қойылды. Табиғи қазба байлықтарға, минералды қорға бай Қазақстан Орталық Азия аймағындағы тартымды елге айналып отыр.  Бүгінде екі елдің әскери, технология, білім, ғылым, фармацевтика және басқа да салалардағы ынтымақтастығы достастық келісім-шарттары аясында жалғасын тауып келеді», деп атап өтті консул.

Үндістанның білім мен ғылым саласындағы ITEC, ICCR үкіметтік бағдарламалары аясында Қазақстан студенттері магистратура, докторантурада оқып, кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие. Ал Үндістандық студенттер еліміздегі медицина, ИТ, инженерлік бағыттағы жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.  Ал биылғы жылы  Назарбаев университетіне үндістандық үш студент докторантураға оқуға түскен.

Сонымен бірге екі ел арасындағы оңтайлы визаралық байланыстар Үндістан мен Қазақстан азаматтарының туризм саласына деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық. Осы орайда Қазақстанның ерекше географиялық аумақта орналасқандығы, тау баурайындағы Алматы сияқты әсем қаланың көрікті жерлерін қызықтау үндістандық туристер үшін ерекше саяхат сыйлайды. Екі ел арасындағы ұзақ жылдардағы жағымды достық қарым-қатынас жайында Үндістанның медиакоммуникация саласы үнемі хабар таратып отырады. Бүгінде 30-дан астам облыстағы мыңнан аса телевидениеде ағылшын, хинди және басқа да тілдерде ақпарат таратады. Осы орайда медикоммуникация саласындағы ықпалдастықтың дамуы да мемлекеттер жетістігінен тұрақты хабар таратып отыруға оң ықпал ететіні анық.

АЛМАТЫ