Қоғам • 18 Қараша, 2023

Жүк көлігінің жүргізушісін оқ атып тоқтатты

3225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау –  Орал  тасжолында патрульдік  полиция қызметкерлері жылдамдықты асырған жүк көлігінің  жүргізушісін тоқтатпақ болғанда  заңды талапқа  бағынбаған.

Жүк көлігінің жүргізушісін оқ атып тоқтатты

POLICE_of_KZ

DALMLERCHR SLER  жүк көлігін  тоқтатқанда жүргізуші көліктен түсуге бағынбай,  полиция қызметкерінің бірінің аяғын басып, жол бойындағы бірнеше көлікке де апаттық жағдай тудырып  қашқан.  Полиция қызметкерлері талапқа бағынбаған  жүркізушінің жүк көлігіне және аспанға ескерту ретінде оқ атқан.   «Көлік тасжол бойынан тоқтатылып, ұсталды. 1989ж.т., жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізіліп, ішімдік ішпегені   анықталды. Ол көліктің өзінікі емес екендігін айтып ақталған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 2 бөлігімен, 601-бабы 1 бөлігімен, 606-бабы 1 бөлігімен, 613-бабы 1 бөлігімен хаттама толтырылды», деді Атырау облысы, Индер аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Ешманов.   Билік өкіліне қатысты  қорқыту немесе күш көрсету әрекеті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3 бөлігімен іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды.