Өнер • 19 Қараша, 2023

Димаштың ерекше стильдегі жаңа клипі жарыққа шығады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемді әуезді ән, сазды үнімен баурап алған Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жақын арада жаңа бейнебаяны тыңдарманға жол тартады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаштың ерекше стильдегі жаңа клипі жарыққа шығады

Димаш Құдайбергеннің кезекті бейнебаяны фантастикалық бағытта болмақ. 

Әнші стилі ерекше клиптің тизерін инстаграм парақшасында жариялады. 

«A new video and a new song are on the way. Let there be a show!

Жаңа бейнебаян мен жаңа ән жуырда!

Новый клип и новая песня на подходе. Да будет шоу!», деп жазылған әншінің хабарландыру постында. 

Әншінің тыңдармандары пікір алаңында жаңа ән мен бейнебаянды тағатсыздана күтетінін жарыса жазып жатыр. Олар клиптің ерекше сценариі қызықтырып тұрғанын айтуда.