Хоккей • 19 Қараша, 2023

Екі ойында да жеңілді

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» өткен аптаның екінші жартысында екі кездесу өткізіп, екі ретінде де жеңіліс тапты.

Екі ойында да жеңілді

Алғашында Челябіде «Трактормен» күш сынасты. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін де бәсеке бір сарынды өтіп жатқан еді. Бір сәтте Энтони Камара қарсыласына қарсы өте дөрекі ойнап, ережені өрескел бұзды. Сол үшін де «Барыстың» сапындағы канадалық легионер мұз айдынынан бес минутқа қуылды. Бұл басымдықты «Трактор» ұтымды пайдаланды. 38-минутта Владимир Ткачев есеп ашса, 41-минутта Сергей Телегин екінші шайбаны қақпаға тоғытты – 2:0. Көп кешікпей «Металлургпен» шеберлік байқасты. Магнитогорскідегі матч та дәл сондай есеппен аяқталды – 2:0. 20-минутта Люк Джонсон және 37-минутта Денис Зернов нысананы дәл көздеп, жергілікті командаға жеңіс сыйлады.

Қазіргі кезде «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінің жарыс кестесінде 22-орынды қанағат тұтқан. 33 ойында олар небәрі 25 ұпай жинады. Өзінің келесі кездесуін жерлестеріміз сыртта Төменгі Новгородтың «Торпедосы» өткізеді.