Футбол • 19 Қараша, 2023

«Қайраттың» жейдесін киді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстан Премьер-лигасын 4- орынмен қорытындылаған Алматының «Қайраты» келесі жылы қалай да чемпиондық атақты иеленуді көздейді.

«Қайраттың» жейдесін киді

Жоғарыдағы жоспарды жүзеге асыру үшін олар қазірден бастап қамданып, өз қатарын шебер футболшылармен толықтырып жатыр. Солардың бірі – бразилиялық Элдер Сантана. Санта-Паулу штатына қарасты Вера-Крус қаласының тумасы 30 жаста. Амплуасы – шабуылшы. Әр жылдары ол өз елінің «Атлетико Минейро», «Тупи», «Ферровиарию», «Сампайо Корреа», «Брагантино», «Атлетико Гойяньенсе», «Ботафого», «Сертаозиньо» және Португалияның «Санжуаненсе», «Жил Висенте» клубтарында ойнады. 2022/2023 жылғы маусымда «Ақтөбенің» намысын қорғады. «Атлетико Минейроның» сапында Сантана 2013 жылы Либертадорес кубогін жеңіп алса, 2017 жылы Минас-Жейрас штатының чемпионы атанды.