Спорт • 19 Қараша, 2023

Чемпиондар бақ сынаған спартакиада

146 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жексенбі күні Астанада бокстан ересектер арасында VI жазғы спартакиада аяқталды. Жеті күнге созылған додада кіл мықтылар чемпион атанып, келер жылы Италияда өтетін Олимпиада жолдамасы үйлестіретін турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болды. 4 жылда бір ұйымдастырылатын айтулы бәсекеде 13 салмақта 176 спортшы жүлдеге таласты. Бір қызығы, екі финалдық жекпе-жекте әлем чемпиондары жұды­рық­тасты. 51 кг салмақта Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай арасындағы жекпе-жекте С.Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал 80 кг салмақтағы Нұрбек Оралбай мен Бекзат Нұрдәулетов арасындағы айқаста Н.Оралбай өз шебер­лігін дәлелдеді.

Чемпиондар бақ сынаған спартакиада

Суретті түсірген – Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ

  • Төрт боксшы екінші жазғы Спар­та­киадада қатарынан чемпион атанды: Сәкен Бибосынов (51 кг), Талғат Шайкен (Ақмола облысы), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 келі).
  • Турнирдің жасы үлкен чемпионы – Теміртас Жүсіпов (35 жас).
  • Турнирдің ең жас чемпионы – Темірлан Мұқатаев (19 жас).
  • Турнирдің ең үздік боксшысы – Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы).
  • Турнирдің жаңа есімі – Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы)
  • Турнирдің ең үздік төрешісі – Тілек Манап

 

ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ҚАЙ ОБЛЫС ТОП ЖАРДЫ?

Астана қаласы – 3 алтын, 2 күміс

Жамбыл облысы – 3 алтын

Түркістан обл. – 2 алтын, 2 күміс, 1 қола

Ақмола обл. – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола

Алматы қаласы – 1 алтын, 4 қола

Қызылорда облысы – 1 алтын, 2 қола

Шымкент қаласы –1 алтын, 1 қола

Павлодар облысы – 2 күміс, 3 қола

Атырау облысы – 2 күміс

Абай облысы – 1 күміс, 3 қола

Алматы облысы – 1 күміс, 3 қола

БҚО – 1 күміс, 1 қола

Манғыстау облысы  – 1 күміс, 1 қола

Ұлытау облысы – 2 қола

ШҚО – 1 қола

Қарағанды облысы – 1 қола

Жетісу облысы – 1 қола

Қостанай облысы – 1 қола

 

VI жазғы Спартакиаданың жүлдегерлері:

48 кг

1) Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл.)

2) Асхат Жүсіпов (Астана қаласы)

3) Ернар Қарап (Абай обл.)

3) Ернұр Қайрат (Шымкент қ.)

 

51 кг.

1) Сәкен Бибосынов (Түркістан обл.)

2) Санжар Тәшкенбай (Астана қаласы)

3) Даниал Сәбит (БҚО)

3) Дамир Әбдіқадыр (Алматы обл.)

 

54 кг

1) Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл.)

2) Кенже Мұратұлы (Алматы обл.)

3) Тимур Қабдешов (Ақмола обл.)

3) Дәулет Молдашев (ШҚО)

 

57 кг

1) Махмұд Сабырхан (Шымкент қ.)

2) Оразбек Асылқұлов (Ақмола обл.)

3) Ерболат Сабыр (Павлодар обл.)

3) Асылжан Серікбай (Ұлытау обл.)

 

60 кг

1) Бейбарыс Жексен (Жамбыл обл.)

2) Руслан Күзеубаев (Абай обл.)

3) Талғат Сырымбетов (Қарағанды обл.)

3) Алмат Әбдуәли (Жетісу обл.)

 

63 кг

1) Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түрк. обл.)

2) Серік Теміржанов (Павлодар обл.)

3) Жандос Қыдырәлиев (Алматы қ.)

3) Ерасыл Таңқай (Алматы обл.)

 

67 кг

1) Дулат Бекбауов (Жамбыл обл.)

2) Бахтияр Смағұлов (Павлодар обл.)

3) Елнұр Сүйінбай (Қостанай обл.)

3) Рахат Сейтжан (Маңғыстау обл.)

 

71 кг

1) Талғат Шайкен (Ақмола обл.)

2) Сабыржан Аққалықов (БҚО)

3) Фарух Тоқтасынов (Алматы қ.)

3) Дархан Дүйсебай (Алматы обл.)

 

75 кг

1) Диас Молжігітов (Жамбыл обл.)

2) Нұрқанат Райыс (Атырау обл.)

3) Тимур Нұрсейітов (Ұлытау обл.)

3) Азамат Бектас (Қызылорда обл.)

 

80 кг

1) Нұрбек Оралбай (Астана қ.)

2) Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау обл.)

3) Ерасыл Жақпеков (Абай обл.)

3) Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда обл.)

 

86 кг

1) Темірлан Мұқатаев (Астана қ.)

2) Абзал Құттыбеков (Түркістан обл.)

3) Шаймұрат Құсайынов (Павлодар обл.)

3) Бекзат Таңатар (Шымкент қ.)

 

92 кг

1) Айбек Оралбай (Астана қ.)

2) Сағындық Тоғамбай (Түркістан обл.)

3) Данияр Рахымбердинов (Алматы қ.)

3) Ерхат Бекзат (Абай обл.)

 

+92 кг

1) Дамир Тойбай (Алматы қ.)

2) Аманат Сабырғали (Атырау обл.)

3) Олжас Бұқаев (Павлодар обл.)

3) Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл.)