Саясат • 20 Қараша, 2023

Мәселелерді бірлесіп шешуге дайын

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Үндістан және Жаһандық оңтүстік: кемел келешек жолында бірлесіп даму» тақырыбындағы министрлік кездесуінің виртуалды панельдік сессиясына қатысты.

Мәселелерді бірлесіп шешуге дайын

Жиын ІІ «Жаһандық Оң­түстіктің дауысы» саммиті аясында өтіп отыр. Сөз басында СІМ басшысы Үндістанды биыл «Үлкен жиырмалықта» (G20) төрағалықтың сәтті аяқталуымен құт­тықтады. Астана мен Нью-Дели арасындағы стратегиялық әріптестікке, сондай-ақ Қазақ­стан мен Жаһандық Оңтүстік ара­­сын­­дағы өзара тиімді ынты­мақ­­тас­­тықтың маңызына назар аудар­ды. М.Нұртілеу көліктік өзара байланысты дамыту және көлік бағыттарын әр­та­­рап­­­­танды­ру қа­­жеттігін атап өтті. Со­ны­мен қа­тар министр іс-ша­раға қа­ты­су­шылар­ды Қа­зақ­стан­­ның жо­­ғары технология­лар сала­­сын­­­дағы экспорттаушы бо­лу жос­­­пар­лары туралы хабардар етті. Осыған бай­ланысты «Ас­­тана хаб» техно­логиялық пар­кі Үндістан мен Жа­һандық Оңтүс­тіктің сарапшы­лары үшін технологиялар мен инно­вациялар саласындағы өзара іс-қимылды арттыруда қолайлы платформа бола алады.

Сондай-ақ Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бей­­­та­рап­тығына қол жет­кі­зу жө­­­­нін­дегі бас­тамасына ерек­ше назар аударыл­ды. Әлем­дік қоғамдастықтың осындай проблемаларды шешуге тарты­луы­ның маңызын ескере отырып, СІМ басшысы контр-серік­тестерді 2026 жылы Қазақстанда өтетін БҰҰ Өңірлік Климаттық саммитіне қатысуға шақырды.

Министр М.Нұртілеу био­ло­гиялық қауіп-қатерлерді азай­туға бағытталған жаңа бір­лес­кен шаралар қабылдау қаже­тін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың Био­ло­гия­лық қауіпсіздік жөніндегі ха­лықаралық агенттік құру жө­нін­­дегі бастамасы туралы еске салды. Мұның мақсаты техноло­гиялар трансферті және елдер арасында осы салада тәжірибе алмасу болатынын жеткізді.

Сөзінің соңында сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстан серіктестермен инк­лю­­зивтілік, көпжақты және ізгі ниет рухында ынтымақтасуға және халықаралық күн тәртібін­дегі мәселелерді шешуде бір­ле­сіп әрекет етуге дайын еке­нін мәлімдеді. Кездесуге Азия, Африка, Океания атынан өкіл­дік ететін бірқатар мемлекет­тің премьер-министрлері мен сыртқы істер министрлері қа­тысты.