Аймақтар • 20 Қараша, 2023

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-19 қараша аралығында Қарағанды облысында қатты дауыл соғып, өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі қатты дауыл салдарын жою үшін төтенше жағдай режимін енгізуді тапсырды. Қазір құтқарушылар іске кіріскен. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Облыстағы қазіргі ахуалды ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов баяндады:

«18-19 қарашада аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үй мен әртүрлі ғимараттардың шатырына, қабырғасына зақым келді. Қираған шатырдың жалпы ауданы — 18 947 шаршы метр. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара өшіп қалды. Қазіргі уақытта облыстың елді мекендерінің басым бөлігі электр энергиясына қосылған, үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ ағаштардың қирауы мен құлау қаупі туралы 85 хабар түсті», деді Мұрат Қатпанов.

вв

Шатыры мен қаптамасына зақым келген үйлерді қалалық әкімдік жөндеп береді. 

Облыс әкімі барлығын заң аясында жасауды тапсырды.