Фото: ОҚК
«1 млн 200 мың жас спортшы үшін халықаралық және ұлттық оқушылар гимназиясы, Ұлттық мектеп лигасы бар, басқа спорттық іс-шаралар өткізіледі. 2025 жылға қарай мектеп спорт секцияларында балаларды қамту санын 50%-ға жеткізу жоспарланып отыр», деп мәлімдеді ведомствоның өкілі.
Балалар уақытының үштен бір бөлігін мектепте өткізетіндігі және олардың денсаулығы мектептегі тамақтануға тікелей байланысты екені мәлім. Осы тұрғыда 1 миллион 700 мыңнан астам балаға тегін мектеп тамағы ұйымдастырылғанын хабарлады.
Оған қоса, аз қамтылған отбасылардан шыққан 450 мыңнан астам оқушыға жалпыға бірдей білім беру қорынан жыл сайын материалдық қолдау көрсетілетінін жеткізді.