«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры екі жылда аймақтың денсаулық сақтау саласына 2 млрд теңге қаржы бөліпті. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылып, қымбат дәрі-дәрмектер алынған. Ал скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешеннің құны – 1,1 млрд теңге.
Қор директорының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева облыстық онкология орталығының ұжымына жылжымалы медициналық кешеннің кілтін табыстап, құрылғы шалғай елді мекендердегі тұрғындарды жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамту көрсеткішін арттырып, орташа өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жапонияда жасалған екі көліктен тұратын жылжымалы медициналық кешен томосинтез функциясы бар цифрлы маммографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен және жоғары дәлдікпен зерттейтін компьютерлік томографпен жабдықталған.
Мамандар ел өңірлері ішінен арнайы таңдалған Алматы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында «QH Денсаулық жолы» жобасының іске асырылуы онкологиялық ауруға шалдыққандарды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік беретінін айтады. Халықты онкологиялық скринингпен қамтудың қазіргі жоспарлы көрсеткіші 60% болса, жоба арқылы оны 70%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Қызылорда