фото: ашық дереккөзден
Палестиналық Хамас қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хание Газа секторында қақтығысып жатқан қос тараптың бітімге келу мәселесінде ілгерілеушілік бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ХАМАС өкілдері Израильге берген жауабын Катар мен басқа медиаторларға жеткізген.
«Хамас қозғалысы Катар еліндегі бауырластарға және бітімге шақырып отырған араағайындарға өз жауабын жеткізді. Біз бітімге келу туралы келісімге жақындап қалдық», деп жазды Исмаил Хание Хамас қозғалысының ресми Telegram арнасында.