vesti.kz
Яка Бийол Түркияның «Бешикташ» клубында ойнайтын жерлесіміз Бахтиер Зайнутдиновтың Словенияға қарсы матчқа жарақаты себепті қатыса алмағанына өкінішін білдірді.
«Қазақстан құрамасы іріктеу турында жақсы нәтиже көрсетті. Өкініштісі, бізге қарсы ойынға Бахтиер Зайнутдинов қатысқан жоқ. Оған тезірек сауығып кетсін деймін. Қазақ футболшыларына сәттілік тілеймін, ұлттық құрамада талантты жас футболшылар да бар», деді Словения құрамасының қорғаушысы.
Бийол мен Зайнутдинов Мәскеудің ЦСКА клубында бірге ойнады.