Фото: kff_team
«Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев қызметін жалғастырады. Біз бірлесіп еліміздің футболын дамытудың жоспарын түземіз. Ауқымды жобаны өзіміздің стратегиямыз бен ыңғайымызға қарай жүйелеп, дамыту бағытын саралаймыз», деді Ә.Бәрменқұлов.
2022 жылдың көктемінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалған Магомед Адиевтың баптауындағы жігіттер Ұлттар лигасында Әзербайжан, Словакия, Беларусь құрамасымен ойнап, көш бастады. Еуропа чемпионатына іріктеу турында 6 матчта жеңіске жетті, 4 ойында жеңіліс тапты.