Қоғам • 21 Қараша, 2023

23 қараша күні ел бойынша дабыл сиреналары қосылады

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қараша күні Астана уақытымен сағат 12:55-те республика бойынша халықты құлақтандыру сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қараша күні ел бойынша дабыл сиреналары қосылады

Фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігі 23 қараша күні республика территориясында бір уақытта дабыл сиреналарын іске қосады. Ол үшін электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, телевидение және радиоға қосылу жүргізіледі.

Іс-шара «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді.

«Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдай кезінде әрекет ету туралы мәліметтер мен нұсқаулар алу үшін қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын телеарналар, радиолар, интернет сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар және т.б.  дереу қосуы керек», делінген министрлік хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырды.