Алматы • 22 Қараша, 2023

Мәмілені бұзуға мәжбүр

119 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қалалық мобилділік басқармасы Байзақов көшесінің бойымен Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу талаптарының бұзылуына байланысты «Dauren Build» ЖШС-мен келісімшартты үзуге ниетті екенін растайтын ескерту жолдады.

Мәмілені бұзуға мәжбүр

Қазір аталған ны­сан­да жөн­деу жұмыстары тапсырыс беру­­шінің келісімінсіз жиыр­ма күн­нен аса уақытқа тоқ­та­тыл­­ған. Басқарма тарапынан жөн­­деу жұ­мыстарын жандан­ды­­ру жөнінде бірнеше рет ес­кер­ту де жолданған. Осыған қара­­мастан мердігер ұйым өз мін­дет­іне тек қазан айында ға­на қайта кіріскен. Сонымен қа­тар тех­ни­калық қадағалау ұйы­мы та­­ра­­пынан да ескертулер беріл­гені­мен, мердігер бұған құлақ аспаған.

Байзақов көшесінің бойын­дағы Гоголь көшесінен бас­тап, Райым­бек даңғылына дейін­гі бө­лігінің беткі қабаты 24 тамызда тапсырыс берушіге ескер­ту­сіз, тиісті жол белгілерімен қо­са қырып тастал­ған. Осылай­ша, қазіргі кезде бұл көшенің атал­­ған бөлігі көлік пен жаяу жүр­гін­шілер үшін қауіпті болып тұр.

Келісімшарт талаптарына сәй­кес тапсырыс беруші екінші та­рап­тың өрескел қателіктеріне бай­ланысты мәмілені бекітілген мерзімінен бұрын бұзуға құқы­лы. Келісімшарт талаптарын бұзуға тапсырыс берушінің келі­сімінсіз жұмыстарды 15 күннен артық ұзаққа тоқтату да кіреді. Сондық­тан жол қауіпсіздігі мен қала тұр­ғындарының жай­лы­лығын қамта­масыз ету мақ­сатында басқарма қолданыс­тағы заңнама аясында шара қол­дануға ниеттеніп отырған жайы бар. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға сәйкес тап­сырыс беруші тарапынан келі­сімшартты біржақты бұзу туралы ескерту жолданып, оған қоса айыппұл салу да қарас­тырылған.

Көлік қозғалысының жиі­лі­­гін ескере отырып және апат­тық жағдайлардың алдын алу мақса­тында Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөліктің орташа жөндеу жұмыс­тарын кәсіптің әлеуметтік жауап­кершілігі аясында өзге мер­дігер ұйымдар аяқтайды.

Еске сала кетсек, биыл Ал­­матыда жалпы 200 шақы­рым­ жолды орташа жөндеу жос­­парланған. Қа­з­ір негізгі магис­трал­ды көшелердегі жұмыстар аяқ­талды. Инженерлік желілерді ұйымдастыру жұмыс­тары уақ­­тылы аяқталған жағ­дай­да аудан­­дық маңызы бар жол­дар­да­ғы жөндеу жұмыстарын қара­ша айының соңына дейін бітіру жоспарланды. Осы­лайша, жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағат­танарлық сападағы жол үлесін 86%-дан 89%-ға дейін көтеру көзделіп отыр.

 

АЛМАТЫ