Жастар • 21 Қараша, 2023

NEET жастар үлесі азайды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында NEET санатындағы жастардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға төмендеген. Бұл осы санаттағы жастардың жалпы санының 4,1 пайызын құрайды.

NEET жастар үлесі азайды

Бұл жөнінде өңірлік ком­му­никациялар қызметі ала­ңын­да өткен баспасөз мәсли­ха­­тында облыстық қоғамдық даму басқармасы жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас­шысы Еркебұлан Балтабеков мәлімдеді.

– 2021-2025 жылдарға ар­нал­ған кәсіпкерлікті дамыту жө­ніндегі ұлттық жоба жас­тарды жұмыспен қамтудың не­гізгі құралы болып саналады. Жыл басынан бері жобаға 9 034 адам қатысты. Оның ішін­де 6 050 адам жұмысқа, ал 5 808 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Қысқамерзімді оқытуға 328 жас жіберілді. Со­ны­мен қа­тар 182 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 55-сі бизнес-идея­ларды іске асыруға 400 АЕК мөл­шерінде мемлекеттік грант алды, – деп атап өтті Еркебұлан Балтабеков.

Сонымен қатар биыл Кәсіп­кер­лікті қолдау жобасы аясында жастар үшін 218 шағын несие беру жоспарланған, бүгінде 231 адам шағын несие алды. Облыс бойынша барлығы 104 бос орын жәрмеңкесі өткізіліп, оған 479 жұмыс беру­ші және 2 569 жұмыс іздеп жүрген жан, оның ішінде 500 жас қатысты.

– Биыл «Жасыл ел» жобасы бойынша мыңға жуық жасты жұмыспен қамтуға квота бе­кі­тіл­ді. Ал «Дипломмен – ауыл­ға!» бағдарламасы аясында 43 маман 221,8 млн теңгеге бюджеттік несие алды, 215 маман 74,2 млн теңгеге көтерме жәрдемақы ал­ды, – деп атап өтті спикер.