Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, ол мегаполистің білім беру мекемелерінде жетім балалар, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған лагерь ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушіден 12 млн теңгеден астам сомада 10% пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінді.
«Пара компанияны конкурс жеңімпазы деп тану үшін берілген. Жеткізуші балалар лагерін толыққанды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстарына ие болмай, конкурстың жеңімпазы болып танылғаны анықталды. Лауазымды адам соттың санкциясымен қамауға алынды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, іс қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.