Футбол • 22 Қараша, 2023

Асхат Тағыберген алаңға қашан оралатынын айтты

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сан - Марино мен Словенияға қарсы ойында құрамада орны ойсырай білінген Асхат Тағыберген жасыл алаңға қашан оралатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Асхат Тағыберген алаңға қашан оралатынын айтты

Футболдан ұлттық команда капитаны, «Ордабасы» футбол клубының ойыншысы Асхат Тағыберген жарақатына байланысты соңғы матчтарға қатыса алмады. Осыған байланысты футболшы қатарға қашан қосылатынын мәлімдеді.

«Бәрі ойдағыдай болса, 4 аптадан соң алаңға шығып, жаттығуға кірісемін. Келесі ойынға дайындаламыз», деді Асхат Тағыберген.

Айта кетейік, жартылай қорғаушы тура бір ай бұрын «Ордабасы» мен «Шахтер» арасындағы матчта ауыр жарақат алған болатын.

Қазақстан құрамасы сапында дәл қазір Асхаттан бөлек, Бахтиёр Зайнутдинов, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев және Бағдат Қайыров та жарақатына байланысты жасыл алаңға шығып жүрген жоқ.